Ссылки доступа

Дереккөз: Ауғанстаннан Тәжікстан арқылы БАӘ-ге үш айда 1200 кг алтын мен 112 млн доллар заңсыз өткен


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Тәжікстан Жоғарғы соты мен Бас прокуратурадағы дереккөздердің хабарлауынша, 90 келі контрабандалық алтын мен 15 млн долларды заңсыз өткізуге қатысы бар тоғыз адам ұсталды. Олардың екеуі Ауғанстан азаматы.

Алдын ала тергеу барысында контрабандалық алтын мен валюта бұған дейін де заңсыз тасылғаны мәлім болды. Хабарларға қарағанда, былтыр қыркүйек-қараша айларында Ауғанстаннан Тәжікстан арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне 1200 кг алтын мен 112 млн доллар заңсыз өткен.

Тәжікстанның ресми билігі күдіктілердің есімін жарияламады. Олардың бәрі былтыр қарашада Душанде халықаралық әуежайда арнайы операция кезінде ұсталған.

Ауған ақпарат құралдары алтын мен валютаны заңсыз тасуға Ауғанстан парламентінің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Мохаммад Мирзо Катавозайдың қатысы барын жазды. Спикер орынбасары бұны жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG