Ссылки доступа

Қырғызстан электр қуатын Қазақстан мен Өзбекстаннан импорттағысы келеді


Қырғызстан билігі электр қуатын Қазақстан мен Өзбекстаннан импорттау мәселесін қарастырып жатыр. Қырғыз президенті Садыр Жапаров "Қазақпарат" агенттігіне берген сұқбатында осылай деп мәлімдеді.

"Қазір дүние жүзінде су тапшы. Бізде де проблема жоқ емес. Айта кетерлігі, біздегі Тоқтағұл су қоймасындағы жағдай осылай кете берсе, онда ендігі жылы катастрофаға алып келетіндей ахуалға айналатыны да шындық. Сондықтан да, біз қазір Қазақстан мен Өзбекстаннан электр энергиясын импорттауды қарастырамыз. Қазақстан Республикасы 900млн-1 млрдқа жуық Квт электр энергиясын бізге импорттауға дайын екенін айтты. Өзбекстанмен де келіссөздер жүріп жатыр, - деді Жапаров.

Еске салайық, Садыр Жапаров 2 наурызда Қазақстанға екі күндік мемлекеттік сапармен келеді. Президент аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дюшекеевтің хабарлауынша, қырғыз басшысы сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізеді.

Бұның алдында қырғыздың "Ұлттық қуат холдингі" Токтоғұл су қоймасына су аз жиналғанын, сол себепті электр қуаты тапшы болатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG