Ссылки доступа

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина тіркелді


1 наурызда Өзбекстанда COVID-19 вирусына қарсы бірінші вакцина тіркелді. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы фармацевтиканы дамыту жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тіркелген вакцинаны Қытайдың Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd.компаниясы әзірлеп шығарған.

Бұл вакцинаны сынақтан өткізу кезеңдері Өзбекстанда да жүргендіктен, екпенің бірлескен авторы болып табылды. Аталған екпе сатылымға ZF-UZ-VAK 2001 деген нөмірмен шығарылады.

"Қытай тарапы зерттеуге 6 ай қатысқаны үшін Өзбекстанды бірлескен автор ретінде мойындады. Қазір вакцинаны Өзбекстанда өндіру жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Бірақ қай қалада жасап шығарылатыны әзірге анықталмады", - деп мәлімдеген өткен аптада инновациялық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Назокат Азим.

ZF-UZ-VAK 2001 вакцинасының бағасы әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG