Ссылки доступа

Джоли Черчилл салған суретті 11,5 млн долларға сатты


"Әл-Кутубия мешітінің мұнарасы" картинаны салған Уинстон Черчилл.

"Әл-Кутубия мешітінің мұнарасы" деп аталатын Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчиллдің салған картинасы 8,6 млн фунтқа (11,6 млн доллар) сатылды. Бұл туралы Christie's ("Кристис") аукцион үйі хабарлады.

Черчилль салған суреттің бастапқы бағасы 1,5 млн фунттан 2,5 млн фунт (3,5 млн доллар) болған. Суретті сатылымға белгілі актриса Анжелина Джоли қойған.

"Кутубия мешітінің мұнарасы" - Уинстон Черчиллдің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде салған картинасы. Сурет 1943 жылы, қаңтарда Гитлерге қарсы коалицияның алғашқы жиналысы - Касабланка конференциясы өткеннен кейін салынған. Сурет кейін Америка президенті Франклин Рузвельтке сыйға беріліп, одан ұлы Эллиот Рузвельтке мұраға қалған.

Дүйсенбі күні аукционда Черчилл салған тағы бір картина - "Марракештегі сахна" картинасы 1,9 млн фунтқа (2,7 млн доллар) сатылды.

Британияның бұрынғы үкімет басшысы Уинстон Черчилл қырық жастан асқаннан кейін сурет салуға қызығып, 540-қа тарта картина салған. Оның елуге жақын картинасы Мароккоға арналған.

Суреттердің басым бөлігі саясаткердің ұрпақтарының қолында болса, жүзге жақыны Лондон жанындағы Кент графтығының Чартуэль үйінде көрмеде тұр. Бұл үйде Черчилл өмірінің екінші жартысын өткізген.

XS
SM
MD
LG