Ссылки доступа

Вагончеллендж: Наманган облысы әкімінің бастамасын қолдаған Бұхара басшысы да контейнерге тоқтады


Бұхара облысының басшысы Ботир Зарипов 1 наурызда Алат ауданына сапарлап барып, "Давлатбой" махалласына орнатылған контейнерге тоқтады. Бұхара облысы әкімшілігің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Аймақ басшысы Зарипов орынбасарларының, махалла төрағаларының, Алат ауданындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерінің есебін тыңдады. Ол халық өкілдерімен кездесіп, мектептерді аралады.

Ботир Зарипов 1 наурыздан бастап "Давлатбой" махалласына орнатылған жылжымады штабға жұмыс істеп жүр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өткен айда президент Шавкат Мирзияев күтпеген жерден Наманган облысындағы махаллаларды аралап, халыққа жағдай жасамаған шенеуніктерді сынаған. Содан кейін Наманган басшысы Шавкат Абдураззаков "Бунёдкор" махалласындағы жағдайды жақсарту үшін осында контейнерде тұратынын мәлімдеген.

"Облыс басшысының үйін" құрастыруға 7,5-8 мың доллар жұмсалған. Тұрғындардың айтуынша, мұндай қаражатқа ауылда орташа үй тұрғызуға болар еді.

XS
SM
MD
LG