Ссылки доступа

Тәжік әншісі Бахром Гафури қазасына себеп болған жол апатын тергеу тоқтатылды


Звезда таджикской эстрады Бахром Гафури (слева) и виновник ДТП Ислом Анварзода

Тәжікстанның бас прокуратурасы танымал әнші Бахром Гафури қазасына себеп болған жол апатын тергеуді тоқтатты.

Құзырлы органдағылар күдікті Ислом Анварзоданың қайта екені белгісіз деп отыр. Оның туыстары Анварзода шетелде емделіп жатыр дейді.

Еске салайық, былтыр 7 тамызда Душанбеде "Ленд-Крузер" автокөлігі үлкен жылдамдықпен КамАЗ көлігін соққан. Әнші оқиға орнында жан тапсырған, көлікті басқарған Анварзода ауруханаға түскен. Сол күні Ішкі істер министрлігі "Ленд-Крузердегі" үш адам да мас болғанын хабарлады. Дәрігерлер Анварзоданың қолы мен аяғы сынғанын айтты. Ол екі ай комада жатқан.

Тәжікстанның бас прокуратурасы Ислом Анварзоданың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Ислом Анварзода - танымал тәжік кәсіпкері Анвар Курбоновтың баласы.

XS
SM
MD
LG