Ссылки доступа

Экс-президент Атамбаев аппаратының бұрынғы жетекшісі тергелді


Қырғызстанда Алмазбек Атамбаев билігі тұсында президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімін басқарған Алмаз Үсенов Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде тергелді.

Мәліметтерге қарағанда, ол екі сағаттан астам уақыт тергелген. Комитет Үсеновті ҰҚМК-ның бұрынғы төрағасы Әбділ Сегізбаев ісі аясында тергеуге шақыртқан. Бұл мәліметті "Азаттыкқа" Сегізбаевтың сайлауалды штабының өкілдері растады.

Үсеновтің өзі немесе оның адвокаттары, сонымен бірге арнайы қызмет тергеуге қатысты мәлімет бермей отыр.

39 жастағы Алмаз Үсенов 10 ақпанда өткен президент сайлауы қарсаңында Сегізбаев штабына жетекшілік еткен.

2012 жылы Үсенов сол кездегі президент Алмазбек Атамбаевпен бірге жұмыс істей бастаған. Ол 2017 жылға дейін мемлекет басшысы аппараты ақпарараттық саясат бөліміне жетекшілік етті. 2017 жылы аппарат басшысы қызметіне тағайындалып, сол жылы желтоқсанда бұл қызметтен босатылды.

ҰҚМК-нің бұрынғы төрағасы Әбділ Сегізбаев 25 қаңтарда ұсталды. Оны Белизгейт жанжалына қатысты іс бойынша абақтыда ұстап отыр. Бас прокуратураның хабарлауынша, Сегізбаевтың қатысы болуы мүмкін алты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті тағылған айыптарды жоққа шығарып, оларды "саяси қудалау" деп атаған.

XS
SM
MD
LG