Ссылки доступа

Бірқатар қырғыз депутаттары Конституцияның жаңа жобасын сынға алды


Жогорку Кеңеш депутаты Дастан Бекешев парламенттің 3-наурыздағы жиынында Конституцияның жаңа жобасын жазған авторларды таныстыруды талап етті.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Бактыбек Турусбеков авторлардың бірі өзі екенін, бірақ басқалар туралы мәлімет бере алмайтынын жеткізді. Ал парламент аппаратының техникалық қызметкерлері авторлор туралы мәліметте қағаз жүзінде тарататынын айтты.

Депутаттар Дастан Бекешев, Ирина Карамушкина Негізгі заңның жобасында халықтың бостандығын шектейтін жобалар бар екенін айтып, "кейін мәселе туындап жатса, кім жауап береді?" деген сұрақ қойды.

"Бұл заң жобасы арқылы сөз еркіндігін басып, сот жүйесін бақылауға алып, прокуратураға "монстрлық" функцияларды беріп жатсыңдар. Бір нәрсе болса, президент барлық жауапкершілікті министрлер кабинетіне артады. Бұл жалған. Президенттің ешқандай жеке жауапкершілігі жоқ. Егер қылмыс жасаса, оны қайтіп қызметінен аламыз? Революция және төңкеріс жолымен ғана ма?", - деді Бекешов.

Бір күн бұрын Конституциялық заңдар, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелері және регламент бойынша комитет жобаны бірінші оқылымда талқылап, мақұлдаған.

Президент Садыр Жапаров жобада парламенттің негізгі функциялары сақталатынын, үкімет Жогорку Кеңештің мақұлдауымен тағайындалатынын, Жогорку соттың, Конституциялық соттың, судьяларды сайлау, босату және басқа да міндеттер мен құқықтар парламентке тиісті болатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG