Ссылки доступа

8 наурыз қарсаңында Өзбекстанда 14 әйел бостандыққа шықты


8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Өзбекстанның Жоғарғы соты 16 әйелдің кассациялық арызын қарады. Олар өте ауыр қылмыстар үшін әртүрлі мерзімге сотталған.

УзА агенттігі хабарлағандай, 14 әйел жаза мерзімінің негізгі бөлігін өтеп біткеннен кейін, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Олар жасаған қылмыстары үшін өкінетінін білдіріп, түрме ережелерін бұзған емес.

Әйелдер отбасына оралған. Сонымен бірге сот екі әйелге қатысты шыққан үкімді жұмсартты.

Былтыр әйелдер мейрамы қарсаңында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев абақтыда жазасын өтеп жатқан 83 әйелге рақымшылық берген.

XS
SM
MD
LG