Ссылки доступа

Навальныйды іш киім тігетін түрмеге жіберген


Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальный Владимир облысындағы №2 түзету абақтысында Жазаны атқару федералдық қызметі үшін іш киімдер тігеді.

The Insider басылымы мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметтерге сілтеме жасап, 2018 жылы бұл абақты Жазаны атқару қызметінің аймақтық басқармасынан 821 мың рубльге ерлердің іш киімін тігуге тапсырыс алған.

Жазаны атқару қызметінің Владимир облыстық басқармасының ресми сайтында сотталушылар тігетін өнімнің тізімі бар. Оның ішінде іш киімнен бөлек тоқыма бұйымдары бар.

Былтыр желтоқсанда Алексей Навальный өзін өлтірмек болған адамдардың бірімен телефон арқылы сөйлескенін жазып алып, оны интернетке жариялаған. Онда ол адам Навальныйды уландырудың ізін жасыру операциясына қатысқанын, улы зат саясаткердің іш киіміне себілгенін айтып берген. Осы аудио жарияланғаннан кейін режиссёр Виталий Манский Федералдық қауіпсіздік қызметі ғимараты алдында іш киім көтеріп пикетке шыққан.

  • Кремльді өткір сынап жүрген "Жемқорлықпен күрес қорының" жетекшісі Алексей Навальный "новичок" уымен уланып, Германияда ұзақ емделген соң 17 қаңтарда Мәскеуге оралған жерінде қамауға алынған. Кейін жазаны өтеу қызметінің талабымен Мәскеу соты оның 2013 жылғы шартты жазасын түрме жазасына алмастырып, оппозиционер колонияға жіберілді.
  • Жазаны өтеу қызметі Навальный шартты жаза ережелерін бұзды деп санайды, оппозициялық саясаткер мұны жоққа шығарады. Еуропадағы адам құқықтары соты барлық деңгейдегі соттар істі қарағанша, Навальныйды босатуды талап еткен.
XS
SM
MD
LG