Баткен облыстық ішкі істер басқармасы (ІІБ) Башқұртстанның тергеу органдарына жөнелткен хатында Абдуфаттоев 2019 жылы шілдеде жерлестерімен бірге "шекараға жақын аймақта тәртіпсіздік жасауға түрткі болғаны" жазылған.
Одан кейін қырғыз тарабы Фуркат Абдуфаттоев 2019 жылы 13 наурызда болған шекарадағы жанжалға қатысқанын айтып, орыс билігінен оны Қырғызстанға өткеріп беруін сұраған.
Абдуфаттоевтың туыстары Фуркат ол кезде Новосибирск қаласында болғанын, Тәжікстанға 2019 жылы 29 наурызға ғана қайтып келгенін жеткізген. Бірақ сот тәжік азаматын қамаудан шығару үшін бұл фактілер жеткіліксіз деп тапты.
Фуркат Абдуфаттоев Қырғызстан өтініші бойынша Ресейде ақпан айының басында қамауға алынған.
Тәжікстан тарабы болса оның қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалдарға қатыспағанын айтады.