"Халықаралық сараптама аяқталған соң, су қоймасын жөндеу құжаттары тендерге шығарылады. Ол ашық өтеді. Тендерде кім жеңетінін сол кезде білеміз. Әзірге жөндеу жұмыстарыынң қашан басталатыны белгісіз", — деді Батыр Закиров.
Министрдің хабарлауынша, үкімет су қоймасына қатысты қарар жобасын дайындаған. Осы құжатқа сәйкес, су қоймасының жарылуынан келген шығынды "ТупалангсувГЭСкурилиш" және "Узбекистон темир йуллари" компаниялары өтеуі тиіс.
Былтыр 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасынын жарылуынан үш аудандағы мыңдаған үйді шу шайып кетті. Алты адам қаза тапты, бір адам жоғалып кетті. Қоймадағы су Қазақстанның оңтүстігіне дейін жетіп, мұнда 31 мыңнан астам адам басқа жерге көшуге мәжбүр болды.