Ссылки доступа

Тәжікстанда университет түлектеріне әскери билетті 2500 долларға ұсынған


Военный билет. Фото ИА "Азия-Плюс"
Военный билет. Фото ИА "Азия-Плюс"

Тәжікстандағы бірқатар жоғары оқу орындарында түлектерге әскери билетті 28 мың сомониге (шамамен 2500 доллар). Бұған келіспегендер офицер дәрежесін әскердегі бір жылдық қызметтен соң ғана ала алады деген.

"Ректорат бізден "Амонатбанктегі" арнайы есепке 28 мың сомони өткізуімізді талап етті. Сонда ғана бізге офицер дәрежесі мен әскери билет беріледі екен", - деді Тәжік Ұлттық университетінің Хоким есімді студенті.

Бұл ақпаратты астанадағы басқа да жоғары оқу орындарында оқитын басқа да студенттер растады.

Биыл қаңтарда парламент міндетті әскери қызмет туралы заң қабылдады. Құжатқа сәйкес, әскерге барғысы келмегендер бір ай дайындықтан өтіп, содан кейін ғана әскери билетті сатып ала алады.

Тәжікстанда көктемгі әскерге қабылдау науқанына бір ай қалды. Студенттер, магистранттар мен аспиранттар әскери комиссариаттан шақырту алып жатыр.

XS
SM
MD
LG