Ссылки доступа

Қырғызстанда атышулы кәсіпкер Жалил Атамбаев ұсталды


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 3 наурызда кәсіпкер, милицияның бұрынғы қызметкері Жалил Атамбаев ұсталғанын хабарлады.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, кәсіпкер заңсыз әдіспен байыған деген күдікке іліккен. Қазір ол уақытша тергеу изоляторында отыр.

ҰҚМК таратқан ақпаратта Атамбаев республиканың ішкі істер органдарында істеп жүрген кезде бірнеше қымбат жылжымайтын мүлік сатып алып, оларды туыстарының атына тіркеген делінген.

Жалил Атамбаевтың қорғаушылары комитет мәліметіне қатысты әзірге пікір айтпады.

Милицияның отставкадағы полковнигі Жалил Атамбаев Ошта танымал кәсіпкер. Оның бірнеше мейрамханасы, компаниясы және көп қабатты ғимараты бар. Бұрын ол Ош әуежайында көлік милициясының басшысы болып істеген.

XS
SM
MD
LG