Ссылки доступа

Дереккөз: Мирзияевтің күйеубаласы көлік апатынан ауыр жарақаттанды


Отабек Омаров.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен оның отбасына жақын бірнеше дереккөз президенттің кіші күйеубаласының көлік апатынан ауыр жарақаттанып, Оңтүстік Кореяға емдеуге жіберілгенін хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Мирзияевтің қызы Шахноза Мирзияеваның күйеуі Отабек Омаров 13 ақпан күні Ташкентте болған көлік апаты кезінде аяғы мен басы жарақаттанып, қозғалуы қиындаған. Дереккөз Азат Еуропа/Азаттық радиосына президент Шавкат Мирзияевтің жол апатына байланысты президент қауіпсіздігі қызметінің бірнеше мүшесіне қарсы қызметтік зерттеу жүргізуге бұйрық бергенін айтты.

Ақпаратқа қарағанда, көлік апаты болған күні Омаровтың жанында болған, дереккөз "спортшы" деп сипаттаған кейбір жекелеген тұлғалар да тергеліп жатыр. Олардың сөзінше, Омаровқа тиесілі Ташкенттегі бизнес құрылымдар атап айтқанда, бірқатар кеңсе мен спорт залдары жабылып, мөр басылған. Президент қауіпсіздігі қызметі төрағасының орынбасары 36 жастағы Омаров пен жанындағы "спортшылар" Ташкентте жиі көлік жарысын ұйымдастырып, жол қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

XS
SM
MD
LG