Ссылки доступа

Қырғызстанда тәртіп комиссиясы Жоғарғы соттың төрайымын қылмыстық жауапқа тартуға рұсқат берді


Соттар кеңесі жанындағы тәртіп комиссиясы 4 наурызда Жоғарғы соттың төрайымы Гүлбара Калиеваны қылмыстық жауапкершілікке тартуға рұқсат берді.

Жиналысқа Калиеваның өзі келмеді. Оның өкілдері төрайымның ауырып жатқаны туралы анықтама алып келді. Осыған байланысты оның ісін кейінге қалдыру ұсынылған.

Бірақ бас прокуратура өкілі Үміт Қоңқыбаева істің созылып жатқанын айтып, заңға сәйкес бас прокурор Курманкул Зулушевтің өтінішін кейінге қалдырмай қарауды бұйырды.

Елдің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі Замирбек Субаналиев Жоғарғы соттың төрайымы "Коррупция" бойынша күдікке ілініп жатқанын мәлімдеген. Комиссия Гүлбара Калиеваны жауапкершілікке тартуға рұқсат беріп, оны қызметінен уақытша шеттетуді президент Садыр Жапаровтан сұрайтын болды.

Бас прокуратура Гүлбара Калиеваны "Жергілікті сот" жобасына байланысты коррупциялық істі зерттеу аясында жауапқа тарту өтінішімен тәртіп комиссиясына былтыр желтоқсанда өтініш түсірген.

Оған дейін арнайы қызмет төрағасы Камчыбек Ташиев аталған жобаны іске асыру бойынша коррупциялық схема анықталғанын, оған Калиеваның қатысы бар екенін, егер тәртіп комиссиясы рұқсат берсе, оның қамауға алынатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG