Ссылки доступа

"Түсінсем бұйырмасын!" Сенаторлар Шыңжаңдағы қазақтар мәселесін "білмейді" (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Алматыдағы алаңда үш пикет өтті. Қандай талаптар айтылды? 4 наурызда Алматыда Республика алаңында іркес-тіркес үш пикет өтті. Олардың талабы әртүрлі. Бірі саяси тұтқындарға бостандық десе, енді бірі қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбек сотта жауап беруі тиіс дейді. (видео Директ)

- "Түсінсем бұйырмасын!" Сенаторлар Шыңжаңдағы қазақтар мәселесін "білмейді". Алматыда бір топ адам 25 күннен бері Қытай консулдығы алдына келіп, Шыңжаңда қамауда отырған туыстарына араша сұрап жүр. Елшілік адамдары да, Қазақстанның ресми өкілдері де олардың сауалдарына жауап бермеді. Азаттық сенат депутаттарынан "Шыңжаңда қамалған туыстарына араша сұрап жүргендердің мәселе қалай шешілуі керек?" деп сұрады. (видео Директ)

- Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты сот: Куәгер "төбелес болған жерге 25 жігіт барғанын" айтты. Нұр-Сұлтан соты былтыр төбелесте пышақталып қаза тапқан Жанболат Ағәділ ісіне байланысты куәгерлерден жауап ала бастады. Жәбірленуші тарап сотқа қатысып отыратын полицияның жедел уәкілі "үнемі психологиялық қысым жасайтынын" айтты. (видео Директ)

- Байбектің "Барахолкадағы" жер дауына қандай байланысы бар? Алматының "Рахат" базарында 250-дей кәсіпкер наразылыққа шықты. Олар әкімдік базарды бұзып, жерін жиһаз фабрикасын салу үшін басқа компанияға берді деп айыптайды. Қаулыға бұрынғы әкім, қазір "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек қол қойған. Ең қызығы, сол компанияға иелік еткен адам оның әкесі Қыдырғали Байбекпен серіктес болған. (видео Директ)

- Азия: неге ата-аналар оқушылардың мектепте оқығанын қаламайды? (видео Директ)

- Қытай консулдығындағы пикетке келген әйел талып қалды. Оның 70 жастағы шешесі Шыңжаңда қамауда. Қытайда жақыны қамалғандардың "бауырларымызды босатыңдар" деген талаппен акция өткізіп жатқанына үш аптадан асты. Наразылықтың 23-күні консулдық алдына қарт шешесі қамалған әйел мен үш баласы намаз оқығаны үшін сотталған әжей келді. (видео)

- "Күйеу бала" Құлыбаевтың иелігіне ұлттық университет жері қалай өтті? Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жерінің бір бөлігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың иелігіне өткен. Ол жерде құрылыс басталып, бизнес орталық салынбақ. Азаттық даулы жерге тағы барып қайтты. (видео)

- Сайрагүлдің сыйлығы, Құлыбаевтың жері және Садыр Жапаровтың сапары.Түрмедегі анасына бостандық сұраған тұрғын Қытай консулдығы алдында есінен танып қалды; Қазақ ұлттық университетінің жерін Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев қалай алған? Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келді. (видео)

- Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға сапарлап келді. (видео Настоящее время)

- "Мықты журналист", "мейірімді жан". Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаев оқырман есінде мәңгі қалмақ. Азаттық радиосының редакциясы үшін орны толмас қаза. Қыстың соңғы күні әріптесіміз, Азаттықтың ең үздік авторларының бірі Қазис Тоғызбаев өмірден өтті. Таныстары оны нағыз полковник дейтін, себебі ол журналистикаға Қорғаныс министрлігінен кеткен соң келген еді. Әріптесіміз өз ісінің маманы болды, келелі мәселелер мен қиын тақырыптарды қозғады. (видео Директ)

- Бейбіт митингіге шыққандарды "қарабет" деп айыптаған кімдер? 28 ақпанда билікке қарсы наразылық білдіріп, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдына жиналған шағып топ арнайы жасақтың құрсауы мен полицияның күш көрсетуінен бөлек, белгісіз адамдардың айыптауына тап болды. Қоршау сыртынан рупормен айғайлағандар саяси ұран айтқан белсенділердің даусын естіртпеуге тырысты.

- Жаңаөзен, Шаңырақ, Шеңгелді. Қазис Тоғызбаев түсірген үздік суреттер.(фотокөрме)

- "Офицерлер де кедергі келтірді". Митинг күні журналистің жұмысы қиын.Қазақстанда митинг күні алаңда наразылардың ғана емес, журналистердің де құқығы бұзылды. Тілшілер интернетке қосылу үшін митинг өткен маңайдан үш-төрт көше ары кетуге мәжбүр болды.

- Ақтөбеде полиция наразыларды күштеп ұстады. Оралда белсенділер билікке талап айтты. 28 ақпанда Орал мен Ақтөбеде жұрт билікке қарсы бейбіт түрде наразылыққа шықты. Оралда қала әкімдігі митингке рұқсат берген. Ал Ақтөбеде жергілікті билік митингіге рұқсат бермеген. Бұл қалада полиция наразыларды ұстап әкетті. (видео Директ)

- "Назарбаев, кет!" Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы наразылық. 28 ақпанда, Қазақстанда билікке қарсы бейбіт митинг өтетін күні, полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа қалаларда күзет күшейтіп, наразылыққа шыққандарды "кеттлингке" алды, ұсталғандары да бар. Бұл митингіге жұртты оппозициялық топтар – "Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топ пен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы шақырған. (видео Директ)

- Нұр-Сұлтанда билікке талап айтқандарды "тыңдауға" ақын Дәулеткерей Кәпұлы келді. Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді наразылыққа шығып, полиция қоршауында қалды. Кейбірін ұстап әкетті. Белсенділер биліктен Еуропарламен қарарындағы талаптарды орындауды сұрамақ болған. Еуропарламент ақпанда Қазақстандағы адам құқығына қатысты қабылдаған қарарында "Нұр-Сұлтан бейбіт митингіге шыққандарды қудалап, қысым жасайтынын", "саяси белсенділерді қамайтынын" сынаған. Билік қарарды "теріс ұстанымдағы саясаткерлер ұсынған" дегенімен, "теріс ұстанымдағы саясаткерлердің" атын атамаған. (видео Директ)

- "Назарбаев хан емес, қазақ халқы мал емес!" Алматы мен аймақтағы наразылық қалай өтті? 28 ақпанда Алматыда полиция бейбіт митингіге жиналған белсенділерді кеттлингке алып, кейбінін ұстап әкетті. Наразылыққа келгендер биліктен саяси себеппен қамауда отырғандары босатуды, президенттіктен кетсе де, билікке әсер етіп отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың орнынан толық кетуін талап етті. (видео Директ)

- Бішкектегі қою түтін. Қырғызстан астананың ластану себептері. (видео Настоящее время)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG