Ссылки доступа

Мьянмада билік шеруге шыққандарды тарату үшін тағы да қару қолданды


Протест в Мьянме, 4 марта 2021 года

Мьянмада полиция билікті басып алған әскерилерге қарсы шеруге шыққан бейбіт халықты тарату үшін қару мен көзден жас ағызатын газ қолданды. 3 наурыздағы шеруді тарату кезінде 38 адам оққа ұшқанына қарамастан, бейсенбі күні халық бірнеше қалада көшеге шықты.

Янгондағы наразылыққа мыңдаған адам жиналған. Олар әскерилерге қарсы ұрандатып, ән айтты. Мандалайда халық "Демократия үшін ұлттық лигасының" жетекшісі Аун Сан Су Чжидің суретін ұстап шықты. Плакаттарда "Жетекшіге бостандық!" деп жазылған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 1 ақпанда әскерилер билікті басып алғалы бері елде кем дегенде 54 адам қаза тапқан. Шамамен 1700 адам ұсталған, олардың арасында 29 журналист бар.

Еуроодақ бейбіт тұрғындарға қарсы қару қолданған әскерилерді айыптап, қатаң санкция салынуы мүмкін екенін ескертті. Бірақ әскерилер өкілі Батыстың қысымына дайын екенін мәлімдеген.

5 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Мьянмадағы жағдайды талқылайды.

XS
SM
MD
LG