Ссылки доступа

Тәжікстанда қаржы полициясы басшысы орынбасарының ұлы алаяқтық жасады деп айыпталды


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Тәжікстанның бас прокуратурасы Соғды облысы прокуратурасының қызметкері Манучехр Ахмадзоданың үстінен қылмыстық іс қозғады. Күдікті бостандықта жүр, деп хабарлады жергілікті билік.

Манучехр Ахмадзода – Тәжікстан қаржы полициясы басшысының орынбасары Мұзаффар Ахмадзоданың ұлы. Ол Соғды облысы прокуратурасының кәмелет жасқа толмағандардың құқығын қорғау бөлімінде істейді.

Манучехр Ахмадзода мен оның туыстарының қылмыстық іске қатысты ұстанымы әзірге белгісіз.

Озоди радиосының тергеу органдарындағы дерекөздерінің хабарлауынша, Манучехр Ахмадзодаға Рудағы ауданы прокурорының көмекшісі қызметін атқарып жүргенде алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Тәжікстанның бас прокуратурасы іске қатысты пікір білдіруден бас тартты. Дегенмен Рудаки ауданы әкімдігіндегі дереккөз істің жер учаскелерін заңсыз беру қылмысына қатысты екенін айтқан.

Еске салайық, былтыр қарашада Рудаки ауданының басшысы Рустам Акрамзода Озоди радиосының журналистік зерттеуі жарияланғаннан кейін қызметтен алынған. Зерттеуде ауданда жер учаскелерін заңсыз беру туралы айтылған.

XS
SM
MD
LG