Ссылки доступа

Душанбеде Озоди радиосының журналистеріне шабуыл жасалды (видео)


Тәжікстан астанасында Озоди радиосының журналистері Шахло Абдулло мен Муллораджаб Юсуфзода жанармай бағасының көтерілуі жөнінде сюжет дайындау кезінде шабуылға тап болды.

Оқиға 4 наурызда Душанбедегі "Соро Ойл" компаниясына тиесілі жанармай құю бекетінде болған. Журналистер автокөлік жүргізушілермен әңгімелесу кезінде бекеттің бір қызметкері камераға түсіруді доғаруын талап етіп, Шахло Абдуллоға күш қолданған. Әріптесіне араша түсуге ұмтылған Муллораджаб Юсуфзодаға да соққы тиген.

Журналистерге күш қолданған бекет қызметкері мұндай камераға түсіруге тыйым салынған деген. Ол үшін компания басшылығын жазбаша рұқсаты керек.

"Біз бекет ғимаратын түсірмеуге келістік. Онда жанармай бағасының көтерілуіне наразы бірнеше адам болды. Біз солармен енді әңгімелесе бастағанда, жанармай құю бекетінің қызметкері олардан бұл жерден тезірек кетуін талап етті", - деді Муллораджаб Юсуфзода.

Журналисті тексерген дәрігерлер Муллораджаб Юсуфзоданың сол жақ беті ісінгенін айтты. Тілші екі апта емделуі тиіс.

Озоди радиосының журналистері Тәжікстан ішкі істер министрлігіне арызданды. Сино ауданының милициясы БАҚ өкіліне шабуыл жасау оқиғасын алдын ала тексере бастады.

XS
SM
MD
LG