Ссылки доступа

Бишкекте әйелдер құқығын қорғау шеруі қарсаңында билік митинг өткізуге тыйым салды (видео)


Kyrgyzstan - Bishkek - second protest action woman day in Bishkek - meeting 10 March 2020

Бішкек қаласының 1-май аудандық соты 22 сәуірге дейін қала орталығында бейбіт шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салды. Қырғызстан астанасында 8 наурызда әйелдер құқығын қорғау жөнінде шеру өтуі тиіс болған.

1-май ауданының әкімдігі жексенбі күндері митингілер көбейік кетуіне байланысты сотқа шағымданған. Шенеуніктер қала орталығында митинг өткізу "тұрғындардың берекесін алады", жолдардың жабылуына, кептеліске себеп болады деп есептейді.

"Медиазона" басылымының мәліметі бойынша, бейбіт жиындарға тыйым салатын сот үкімі 22 ақпанда қабылданған.

Мұндай үкімнің қабылдануының тағы бір себебі ретінде коронавирус пандемиясы аталған. Дегенмен 3 наурызда алаңда Мемлекеттік ту күні, ал 4 наурызда ақ қалпақ мерекесі атап өтілген.

Тура бір жыл бұрын аудандық сот дәл осындай үкім шығарған. Соған қарамастан адамдар 8 наурызда Әйелдер маршысына жиналды.

XS
SM
MD
LG