Ссылки доступа

АҚШ қырғыз азаматына қатысты ақпаратқа сыйақыны 5 млн долларға көбейтті


АҚШ мемлекеттік департаменті қылмыс әлемінің өкілі Камчыбек Көлбаевты қамауға алуға және оның ұйымдасқан тобының қаржы схемасын бұзуға көмектестесетін мәліметтер үшін сыйлықты 5 миллион долларға көбейтті. Бұл туралы АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі 5 наурызда мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, сыйлық мемлекеттік департаменттің Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы (TOCRP) аясында беріледі.

Осы бағдарламеның көмегімен 75-тен астам трансұлттық қылмыскерлер мен есірткі тасымалдаушылар жауапқа тартылған.

Ақпараттарды АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасы (DEA) мен шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) +1 202-643-0383 нөмірі арқылы, WhatsApp, Telegram, Signal мессенжерлерімен де қабылдайды.

Мәлімет білетін азаматтар болса АҚШ-тың жақын орналасқан елшілігі мен консулдығына барып, Kolbayev_Tips@usdoj.gov электрондық поштасына хат жолдаса болады.

Мемлекеттік департамент ақпарат бергендердің құпиялығын қамтамасыз етуге уәде береді.

Камчыбек Көлбаев 2000 жылы бірнеше қылмыстар бойынша айыпталып, 25 жылға сотталған. Алты жылдан кейін түрмеден қашып кеткен Көлбаевты 2007 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Қырғызстандағы "ең қауіпті қылмыстық топтың лидері" деп атаған.

XS
SM
MD
LG