Ссылки доступа

Қырғызстанда қаржы полициясының қызметі жойылды


Қырғыз үкіметі Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес қызметін (Қаржы полициясы) жою жөнінде шешім қабылдағанын 5 наурызда хабарлады. Тиісті шешімге премьер-министр Улукбек Марипов қол қойған.

Үкімет мәлімдемесінде Қаржы полициясы өзін ақтамағаны жөнінде қысқаша сараптама берілген. Мәліметке қарағанда, Қырғызстанда көлеңкелі экономика 130 млрд сом, бұл ішкі жалпы өнімнің 23.6% құрайды.

Сарапшылар көлеңкелі экономика 24-43% екенін айтады. Үкімет қаржы полициясы тиісті нәтиже бермеді дейді.

Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес қызметі 2012 жылы құрылған. 2020 жылдағы қазан оқиғаларынан кейін билік алмасқанда үкіметтің құрамы өзгеріп, бұл мекеме Экономика және қаржы министрлігіне қосылған болатын.

XS
SM
MD
LG