Ссылки доступа

Әнші Manizha Ресей атынан Eurovision байқауына қатысады


Биыл мамыр айында Нидерландта өтетін Eurovision әншілер байқауына Manizha Ресей атынан өнер көрсетеді. Ол Бірінші канал ұйымдастырған көрермендер дауыс беретін байқаудың жеңімпазы атанған.

Байқауда Manizha "Russian woman" ("Орыс әйелі") әнін айтпақшы.

Былтыр байқауда Little Big тобы өнер көрсетпек болған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты өтпеді. Биыл Little Big тобы байқауға қатысудан бас тартты.

"Біз "Eurovision-2021" байқауына бармаймыз. Ресейде таланттылар өте көп. Олар да мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс", - деп жазды топ әншілері инстаграм парақшасына.

Manizha - Манижи Сангиннің шығармашылық аты. Ол 1991 жылы Тәжікстанда туған. Бірақ отбасы Мәскеуге көшіп барған. Ол 12 жасынан бастап музыкамен айналысады. 2020 жылы Ресей атынан бірінші рет БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттіктің ерікті елшісі атанды.

Eurovision ұйымдастырушылары пандемия жалғасып жатса да, байқау өтеді деп мәлімдеген. Бірақ оған көрермендерді жібереді ме, жоқ па, әлі шешілмеді.

XS
SM
MD
LG