Ссылки доступа

Мьянма кәсіподағы халықты жаппай наразылыққа шығуға шақырып жатыр


8 наурызда Нейпьидода өткен наразылық

Дүйсенбі күні Мьянмада кәсіподақтың үндеуімен көптеген кәсіпорын әскери режимнің репрессиясына қарсы жұмысын тоқтатты. Бұл елде 1 ақпанда әскери төңкеріс орын алған.

Мьянманың тоғыз ірі кәсіподағы 8 наурыздан бастап елдегі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға шақырды. Олар бірлескен мәлімдемесінде зауыттардың жұмыс істеуі қазіргі режимге тиімді деп атаған. Қарулы күштің өкілдері болса жұмысын тоқтатқандар қызметінен кетеді деп қорқытып жатыр.

Батыс ақпарат құралдарының жазуынша, дүйсенбіде Мьянмда бірқатар ірі сауда орындары мен дүкендер және банк бөлімшелері жұмыс істемеген. Янгонда демократтарды жақтаушылардың митингісі өтті. Полиция күшпен тарқату кезінде бірнеше адам қайтыс болды деп хабарлайды батыстық басылымдар.

4 наурызда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет әскери төңкерістен кейін Бирмада кемінде 54 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. БҰҰ мәліметінше, кемінде 1700 адам тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG