Ссылки доступа

Түркіменстандық белсенді Путиннен саяси баспана сұрады (видео)


2 наурыздан бері ресейлік шекарашылар өтінішін қабылдамай жатқаннан кейін Түркіменстан белсендісі Ресей президенті Владимир Путиннен көмек сұрады.

27 жастағы Розгелді Чолиев отбасын босқын сұраушы ретінде тіркеуді өтініп, депортацияламауды сұрайды.

Оның үндеуін ютубта Түркімен Хельсинки қоры жариялады. Шереметьево әуежайында тұрып қалған Розгелді Чолиев өзін еліне қайтармауды, кері жағдайда өміріне қауіп төніп тұрғанын айтады.

Ашғабадтық Чолиев Қарашай-Шеркес мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетінде оқыған. 2020 жылдың қаңтар айында ол оқудан шығып қалған. Кейін сол университеттің дайындық курсына жазылған.

Ол өзінің үндеуінде түркімен үкіметін сынға алған видеосы жариялана салысымен, оқу орнының проректоры затын жинап кетуге 20 минөт уақыт беретінін айтты дейді.

XS
SM
MD
LG