Ссылки доступа

Тәжікстанда прокурордың көмекшісі алаяқтық айыбы бойынша ұсталды


Тәжікстанның бас прокуратурасы

Душанбеде Шохмансур ауданы прокурорының көмекшісі Сайфиддин Бахриддинзода ұсталды. Ол алаяқтықпен айыпталғаннан кейін жасырынып жүрген.

Ақпан айының соңында Тәжікстанның бас прокуратурасы оған "ірі көлемде алаяқтық жасау" бабы бойынша айып таққан. Дереккөз мәліметінше, ол бопсалап ақша алып жүрген.

Ақпаратқа қарағанда, душанбелік кәсіпкерден пара алу күдігімен Давлатшох Гиёев есімді азамат ұсталған. Ол ақшаны Бахриддинзоданың нұсқауы бойынша алып жүргенін айтқаннан кейін прокурордың көмекшісіне қылмыстық іс қозғалған.

Өткен аптада Тәжікстанның бас прокуратурасы Соғды облыстық бөлімінің қызметкері Манучехр Ахмадзодаға қарсы "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Манучехр Ахмадзода – Тәжікстанның Қаржыны бақылау және коррупцияға қарсы күрес агенттігі басшысының бірінші орынбасары Музаффар Ахмадзоданың ұлы.

Бас прокуратура өкілдері бұл іс бойынша пікір білдіруден бас тартқан.

Тәжікстанда прокуратура өкілдерінің ұсталуы – сирек көрініс.

XS
SM
MD
LG