3 наурыздағы жиналыста Мирзияев елде жылжымайтын мүлік бағасының қымбаттап бара жатқаны алаңдататынын айтқан.
Сол күні Бұхара облысының басшысы кедей отбасыларға сауда жасауға арналған 1000 контейнерді жеңіл несиемен үлестіретінін хабарлады. Ресми хабарларға қарағанда, Мирзияев Бұхара облысына сапары барысында осындай ұсыныс жасаған.
Контейнерлерді Бұхарадағы зауыт құрастырады. Зауыт өкілінің айтуынша, контейнерлер Өзбекстанға Қытайдан алынады.
Жергілікті бір кәсіпкердің есептеуі бойынша, металл кеңсенің базардағы құны - шамамен 3 мың доллар.