Ссылки доступа

Тәжікстанға COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді


На этих автомобилях вакцины вывезли из аэропорта к месту назначения

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республикаға COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинаның алғашқы партиясы келді.

Вакцина егу науқанын бастау туралы қаулы шығарылған. Құжатқа сәйкес, вакцина ең әуелі дәрігерлерге егіледі. Бұл вакциналар Тәжікстанға Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының COVAX бағдарламасы аясында тегін жеткізілді.

Тәжікстан санитария және эпидемиология мемлекеттік қызметінің басшысы Навруз Жафаровтың 9 наурызда Озоди радиосына хабарлауынша, республикаға AstraZeneca вакцинасының 192 мың дозасы келген. Оның айтуынша, вакциналар арнайы дайындалған орындарда сақталады.

"Үкіметтің шешімін күтіп отырмыз. Біз қаулы жобасын дайындадық. Құжатқа қол қойылған соң, біз вакцина егу науқанын бастаймыз", - деді Жафаров.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 13 мың 308 адамның коронавируспен ауырғаны тіркелген. Республикада коронавирустан 90 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG