Ссылки доступа

Түркіменстан прокуратурасы акушер-гинекологтардың аборт жасау жұмысын тексереді


Туркменистан (иллюстративное фото) 

Түркіменстандағы Фарап және Чарж этраптарындағы перзентхана бөлімдерінде прокуратура тергеушілері акушер-гинекологтардың аборт жасау жұмыстарын тексеріп жатыр. Бұл туралы Азатлык радиосының тілшісі хабарлады.

Тілші мәліметіне қарағанда, Түркіменстанда 2015 жылдан бастап аборт жасауға арнайы комиссия шешімімен ғана рұқсат беріледі. Бірақ Лебап уәлаятында прокуратура органдары акушер-гинекологтардың аборт жасау жұмыстарын тексеріп жүр.

Түркіменстан қылмыстық кодексіне сәйкес, еңдеу мекемесінен тыс жерде аборт жасаған дәрігерге екі жыл түзеу жұмысы жүктеледі. Абортты жоғары медициналық білімі жоқ адам жасаса, онда ол екі жылға сотталады.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, аборт жасауға қажетті арнайы комиссия рұқсатын алу үшін тұрғындар пара беруге мәжбүр.

Фарап этрапындағы бір акушер прокуратура күнде шақыртатынын айтқан. Тергеушілер дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс ашамыз деп қорқытқан. Толассыз тергеудің салдарынан ауруханадағы науқастар қараусыз қалып жүр.

"Түркіменстанда бір жұмысшы қателессе, оның зардабын бүкіл ұжым тартады", - дейді жергілікті дәрігерлердің бірі.

XS
SM
MD
LG