Ссылки доступа

Ереванда оппозиция өкілдері парламент ғимаратын қоршап алды


Ереванда армян оппозициясының жүздеген өкілі шатыр тігіп, парламент ғимаратын қоршап алды. Бұл туралы Азаттықтың армян қызметі хабарлады.

Осыған дейін оппозициялық "Отанды қорғау қозғалысының" лидері Вазген Манкуян жақтастарын депутаттарды парламент ғимаратына кіргізбей, қоршап алуға шақырған.

"Келіңдер, парламент ғимаратын қоршап, депутаттарды кіргізбейік. Шатырлар тігіп, ол жерде күн сайын 200-дей жақтасымыз түнеуі керек", - деген ол.

Бірқатар оппозициялық депутаттар қақтығыстың алдын алу үшін полиция мен халық ортасында тұруға мәжбүр болды.

Арнайы қауіпсіздік киімдерін киген полиция қызметкерлері халықты күшпен тарқату әрекетін жасамады.

"Отанды қорғау үшін қозғалысының" үйлестірушісі Ишхан Сагателян "Ешқайсымыз Ұлттық Кеңестің есігін бұзып ішке өтпейміз. Бұл – біздің парламентке қарсы азаматтық бас имеу шарамыз болып саналады", - деді ол.

Үкімет басшысы Пашинян былтыр Таулы Қарабақ аймағына байланысты Әзербайжан мен армян күштері ортасындағы алты апталық соғыстан кейін оқ атуды тоқтату үшін үш тарапты келісімге қол қойған. Осы үшін оппозиция Пашинянның отставкасын талап етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG