Ссылки доступа

CPJ Душанбені Азаттық журналистеріне шабуылды жіті зерттеуге шақырды


Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) тәжік билігін Азаттық радиосының журналистеріне шабуылды жіті зерттеп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.

"Журналистерге шабуылды дереу тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуы керек. Елдің құқық қорғау органдары журналистердің ешнәрседен қорықпай, еркін жұмыс істеуі үшін барлық қауіпсіздігін қорғауы керек", - деді комитеттің Еуропа және Орталық Азия бойынша бағдарламалардың үйлестірушісі Гүлназа Саид.

4 наурызда жанармайдың қымбаттауы туралы сюжет жасап жүрген Шахло Абдулло мен Муллоражаб Юсуфзодаға шабуыл жасалған. Жүргізушілердің бірінен сұқбат алып жатқан журналистерге май құю қызметкерлері кедергі келтіріп, ұрған.

Дәрігерлер Юсуфзоданың беті ісіп кеткенін, екі апта емделуі керектігін жеткізген.

Бұл оқиға бойынша журналистер елдің ішкі істер министрлігіне шағымданған.

"Азия-Плюс" ақпарат агенттігі БАҚ өкілдеріне шабуыл жасаған май құю станциясының күзетшісі қамалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG