Ссылки доступа

Ош билігі "әкімнің зәулім үйі" деген видеоның шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді


Әлеуметтік желілерде Ош қаласының әкімі Таалайбек Сарыбашовқа арналған "хан сарайы" салынып жатыр деген видео тарады. Бұл мәліметті әкімдіктің баспасөз хатшысы Азамат Абсаттаров теріске шығарды.

Әлеуметтік желілер арқылы тараған "әкімнің үйі салынып жатыр" деген видеода оның түсірген автор "Бұл ғимарат бітсе, Раимның үйі жолда қалады" деп суреттеген.

Әкімдіктің баспасөз хатшысы Азамат Абсаттаров бұл мәліметті теріске шығарып, салынып жатқан үй Таалайбек Сарыбашовқа да, оның жақын туыстарына да тиесілі емес екенін білдірді. Оның айтуынша, бұл жергілікті кеңеске сайлау алдындағы қара пияр.

"Қазір Ошта саясаткерлер, олигархтар алдында бір мәселе тұр. Олар қалалық кеңеске өзінің адамын алып келу. Одан кейін әкімді сайлау. Бұл сайлаудағы шайтан ойын. Қаралау, жалған ақпарат таратқандар заң аясында жауап береді", - деді Азамат Абсаттаров.

Таалайбек Сарыбашов 2018 жылдан бері Ош қаласының әкімі.

XS
SM
MD
LG