Ссылки доступа

Өзбекстан Қырғызстанға түрлі жобаларға 50 миллион доллар береді


Өзбекстан Қырғызстандағы түрлі экономикалық жобаларға 50 миллион доллар береді. Бұл туралы 9 наурызда Қырғызстан парламентінің экономика жөніндегі комитетінің отырысында айтылды.

Жиналыста депутаттар Қырғыз-өзбек даму қорын құру туралы келісімді мақұлдады.

Келісімге сәйкес, Өзбекстан көрші Қырғызстанға қаржы бөледі, қор кеңесі жасақталады, оған Қырғызстан өкілдері кіреді, ал директорлар кеңесінде Өзбекстанның үш өкілі және Қырғызстанның екі өкілі болады.

Көршілес екі елдің бірлескен қорын құру жобасы 2017 жылы Қырғызстанның сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбековтың Өзбекстанға сапары кезінде қолға алынған. Бұл жоспар енді ғана жүзеге асып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров биыл 11-12 наурызда Ташкентке сапарлайды.

XS
SM
MD
LG