Ссылки доступа

Қырғызстанның бас прокуратурасы блогер Сыдыманды айыптаудан бас тартты


10 наурызда блогер Сыдаман (Элмирбек Сыдыманов) ісіне қатысты сот отырысы барысында прокурор айыптаудан бас тартты. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Сот-лингвистика сараптамасы Сыдыманов сөздерінде аймақаралық араздық тудыру, зорлық-зомбылыққа үндеу жоқ екенін анықтаған.

Бұның алдында мемлекеттік айыптаушы блогерді алты жылға соттауын сұраған.

Элмирбек Сыдыманов - инстаграмда Sydyman нигімен танымал блогер. Ол былтыр 17 ақпанда аймақаралық араздық тудырды деген күдікпен ұсталды. Оны екі ай тергеу абақтысында ұстау туралы сот шешімі шыққан. Бірақ блогердің адвокаттары сот үкіміне арызданып, 28 ақпанда Сыдыман үйқамаққа ауыстырылды.

Бұның алдында ол әлеуметтік желідегі тікелей эфирде Қырғызстанның түрлі аймақтарында қолданатын кейбір сөздерді сынаған. Блогердің бұл әрекеті қоғамда дау туғызды.

Элмирбек Сыдымановтың инстаграмдағы парақшасына шамамен 250 мың адам жазылған.

XS
SM
MD
LG