Ссылки доступа

Өзбекстанда қатерлі ісіктерді емдеу орталығында сәулемен емдеу аппараты істен шыққан


Өзбекстанның қатерлі ісік және радиологиялық ғылыми-тәжірибие медициналық орталығында қатерлі ісікке қарсы сәулемен емдеу құрылғысы соңғы алты айда үш рет істен шыққан.

Сол себептен қатерлі ісікпен ауыратындар уақытында ем қабылдай алмай жатыр. Elekta Infinity деп аталатын құрылғының құны 3 млн доллар тұрады. Бұл аппаратты 2018 жылы Ұлыбританиядан Ташкент орталығына алдыртқан.

"Сәулемен емдейтін құрылғы өте қымбат. Оның құны - 2 млн 800 мың доллар. Егер құрылғы сынып қалса, оның қосымша заттарын тек шетелден алдыртамыз. Қазір соны күтіп жатырмыз. Келесі аптада жеткізілуі мүмкін", - деді орталық өкілі Одилжон Ахмедов. Қатерлі ісікті емдейтін орталықта қазір ондаған науқас осы құрылғының жөнделуін күтіп жатыр. Олар уақытылы ем қабылдап тұруы тиіс.

Бұл Орталық Азиядағы қатерлі ісіктерді емдейтін үздік орталықтардың бірі. Сәулемен емдеу кезінде арнайы жарық қатерлі жасушаларға жіберіледі де, оны жояды.

XS
SM
MD
LG