Ссылки доступа

Бішкек соты митинг өткізуді шектеу шешімінің күшін жойды


Бішкек қалалық соты митинг пен түрлі бейбіт жиындарды өткізуді екі айға шектеу жөніндегі шешімнің күшін жойды. Бұл жөнінде "8/365" бастамашыл тобының заңгері Евгения Крапивина хабарлады.

"Шын мәнінде жергілікті басқару органдары митинг өткізуге шектеу қоя алады. Бірақ олар тек соғысты, араздықты насихаттайтын, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жиындарға ғана шектеу енгізе алады", - деді заңгер.

Бішкектегі Бірінші май аудандық соты 22 ақпаннан 22 сәуірге дейін бейбіт жиындар Максим Горький ескерткіші жанында ғана өтуі тиіс деген шешім шығарған.

"8/365" бастамашыл топ 8 наурызда әйелдер құқығына арналған марш өткізген.

XS
SM
MD
LG