Ссылки доступа

Беларусь оппозициясы Лукашенконың жеңіске жетуіне себепкер деп Қызыл Кресті айыптады


Беларусь оппозициясы Қызыл Крест қоғамын президент сайлауында жаппай заң бұзушылыққа қатысы болды деп айыптады. Бұл жөнінде BBC хабарлайды.

Сынға алушылардың пікірінше, Қызыл Крест президент сайлауы кезінде сайлау учаскелеріне үш мың адам жіберген. Олар биліктің мақсатына жетуіне көмектескен.

Ресми түрде Қызыл Крест саясаттан тыс ұйым. Оппозиция лидерінің бірі Павел Латушко Беларусьтағы Қызыл Крест қоғамы Александр Лукашенко әкімшілігіне тікелей бағынады деп мәлімдеді.

Оған дәләл ретінде мынадай мысал келтіреді: Қызыл Крест қоғамын басқарған Дмитрий Пиневич елдің денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған.

Халықаралық Қызыл Крест қоғамы бұл мәлімдемені теріске шығарады. Бірақ бұл мәселені зерттеуге уәде берді.

XS
SM
MD
LG