Ссылки доступа

Ливияда азаматтық соғыстың екі жағы ортақ үкіметті бекітті


Абдул Хамид Дбейбаһ
Абдул Хамид Дбейбаһ

Ливияда азаматтық соғыстың екі тарабы ортақ үкімет құрамын бекітті. Дауыс беру Триполи мен Бенгази орталығындағы Сирт қаласында өткен.

Триполи мен Бенгази жеті жыл бойында жүріп жатқан азаматтық соғыстың екі тарабының екі астанасы болды. Екі тарап мемлекетті тұтастай бақылауға алуға таласып жатыр.

Енді жаңа үкімет өзара соғысып келе жатқан екі үкіметтің орнын басуы керек. Ашық дауыс беру кезінде 132 депутат қолдап, екеуі қарсы болды. 36 депутат қалыс қалды.

Ливияда азаматтық соғыс 2011 жылы диктатор Муаммар Каддафиді биліктен кетіргеннен кейін басталды. Қазір Ливияның батысы мен астанасын Ұлттық келісім үкіметі бақылауына алған. Шығысы мен оңтүстік бөлігін Тобрук парламенті қадағалаған. Ресей Тобрук әкімшілігіне көмектескен.

Ливия ұлттық армиясын басқарып отырған, әскери қолбасшы Халифа Хафтар Тобрук парламенті атынан Триполиді басып алуға мүмкіндігі болды. Бірақ Түркия араласып, әскерін кері қайтарды. Ливия халқы коронавирус пандемиясы мен ел экономикасы әлсіреген тұста соғысты тоқтатуды талап етті.

Енді жаңа үкімет құрамында 33 министр, екі вице-премьер және бір премьер болады. Үкімет басшысы болып Абдул Хамид Дбейбаһ сайланды. АҚШ-тың Триполидегі елшісі Ричард Норланд бұл оқиғаны тарихи сәт деп бағалады. БҰҰ-да қолдады.

XS
SM
MD
LG