Ссылки доступа

Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстанға аттанды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 11 наурызда мемлекеттік сапармен Өзбекстанға аттанды.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар кезінде Жапаров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен екі жақты келіссөз жүргізеді, сонымен бірге Сенат төрағасы Танзила Нарбаевамен, Олий Мажлистің заң шығару палатасының спикері Нұрдинжон Исмоиловпен және премьер-министр Абдулла Ариповпен кездеседі.

Сапар аясында қырғыз-өзбек бизнес-форумы өтеді деп жоспарланған.

Жапаровқа 20 шенеунік еріп барады, олардың арасында сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, вице-премьер-министр Ұлықбек Кармышаков, президент аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дюшекеев, Қырғызстанның Өзбекстандағы елшісі Ибрагим Жүнісов бар.

Бұған дейін хабарланғандай, Жапаровтың Өзбекстанға сапары 11-12 наурыз аралығында өтеді. Қырғыз басшысы одан соң Тәжікстанға, Түркіменстанға және Қытайға сапарлайды. Бұл сапарлардың нақты уақыты әлі хабарланбады.

XS
SM
MD
LG