Осылайша, референдум жергілікті кеңеске депутаттарды сайлаумен бірге өтетін болды.
8 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жергілікті кеңес депутаттарын сайлауды 11 сәуірде өткізу туралы жарлық шығарған.
17 ақпанда Қырғызстанның жаңа Конституциясының жобасы парламент қарауына түсті. Құжат елде президенттік басқару жүйесінің орнауын қарастырады. Сонымен бірге парламент депутаттары 120-дан 90-ға қысқарады.
Жаңа Конституцияның толық жобасы әлі жарияланған жоқ. Оны депутаттар да көрмеген. Заң жобасын талқылау кезінде дау туды. Конституцияны өзгертуге қарсы депутаттар заң жобасы кең талқыланбағанын айтты.
Қырғызстан астанасында жаңа Конституцияның қабылдануына қарсы наразылық митингі ұйымдастырылды.