Ссылки доступа

Душанбеде ер азаматтың үстіне құрылыс заттары құлап кетті (видео)


Сиёвуш Акобиршоев
Сиёвуш Акобиршоев

Тәжікстан астанасында жаңадан салынып жатқан 19 қабат үйдің құрылыс заттары жас жігіттің үстіне құлап кеткен. Құрылыс компаниясы оған ешқандай өтемақы төлемеген.

25 жастағы Сиёвуш Акобиршоевтың айтуынша, оқиға шамамаен бір ай бұрын астанадағы Бухоро көшесінде болған: оның үстіне жоғарыдан металл ломы құлап кеткен. Ауыр зат жігіттің аяғының төрт саусағын орып түскен.

Бұл үйді “Ёкут-2000” компаниясы салып жатыр. Компания өкілдері журналистермен тілдескісі келмеді. Зардап шегушіге өтемақы әлі төленбеген. Сиевуштың әкесі прокуратураға шағымданған.

Сиёвуш Акобиршоевтың айтуынша, 9 ақпанда ол нан алуға шыққан. "Аяқ киімім бір жаққа ұшып кетті, аяғым қан-қан болды. Мен аяғымның сүйектерін де көрдім. Ломның салмағы 30-40 килограмм болған", - деді зардап шеккен жігіт.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың саусақтары мүжіліп кеткені сонша, оны қалпына келтіру мүмкін болмаған. Сиёвушке күрделі ота жасалған, қазір ол төсекте жатыр.

Жігіттің туыстарының айтуынша, "Ёкут-2000" компаниясының өкілдері өтемақы төлемегені былай тұрсын, науқастың жағдайын сұрап келмеген.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр Тәжікстандағы құрылыс алаңдарында 31 оқиға тіркелген, соның салдарынан 8 адам қаза тауып, 33 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG