Ссылки доступа

Лохути атындағы сыйлық биыл бес тәжік журналисіне тапсырылды


Объявление лауреатов премии имени Лохути. 11 марта 2021 года
Объявление лауреатов премии имени Лохути. 11 марта 2021 года

Тәжікстанның журналистер одағы 11 наурызда Абулкосим Лохути атындағы сыйлықты тапсырды.

Тәжік баспасөзі күніне арналған салтанатты жиын Ұлттық кітапханада өтті. Тәжікстан журналистер одағысының төрағасы Зинатулло Исмоилзоданың айтуынша, биыл сыйлыққа 35 адам ұсынылған, бірақ сыйлық бес журналиске тапсырылды.

Комиссия мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде радио саласындағы Лохути сыйлығы "Изруз радиосының" журналисі Худоёр Валиевке, телевидение саласындағы сыйлық Точикистон телеарнасының журналисі Мұхаммадраджаб Ханафияға тапсырылды. Басылымдар арасында үміткерлер көп болған, бірақ қазылар алқасы солардың ішінен үшеуін жеңімпаз деп таныған. Олар: Ноилшо Нуралиева, Хакназар Каримзода және Абдулвохид Оев.

Лохути атындағы республикалық сыйлық 1968 жылы тағайындалған. Жыл сайын бұл сыйлық журналистика саласының үздіктеріне тапсырылады.

XS
SM
MD
LG