Ссылки доступа

Ферғанада жерінен айрылған кәсіпкер халықты қабылдау ғимараты алдында алмаспен қолын тілді (видео)


Мамуржон Бердалиев заявляет, что уже третий год обращается к президенту с жалобой на несправедливость со стороны местных властей.
Мамуржон Бердалиев заявляет, что уже третий год обращается к президенту с жалобой на несправедливость со стороны местных властей.

11 наурызда Өзбекстанның Ферғана облысына қарасты Алтыарыс ауданындағы "Бирлашган" махалласының тұрғыны Мамуржон Бердалиев Халықты қабылдау ғимараты алдында алмаспен қолын тілді.

Мамуржон Бердалиевтің айтуынша, ол кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін үш мәрте жер алған, бірақ құжаттарды рәсімдеу кезінде прокурор ол жерді басқа біреулерге беріп жіберген.

Алтыарык ауданы басшысының кеңесшісі Авазбек Хожиакбаровтың мәлімдеуінше, кәсіпкерге тиесілі жер телімін жерді заңсыз пайдаланғаны үшін алып қойған.

Озодлик радиосының редакциясына жолданған үш минуттық видеода Мамуржон Бердалиевтің халықты қабылдау ғимараты алдында екі қолын алмаспен тілгені бейнеленген. Кәсіпкер онда аудан әкімшілігін жерді тартып алғаны үшін айыптаған.

"Бұлар үшінші жыл қатарынан жерімді тартып алды, солардың кесірінен қарызға баттым. Олар жерді кедейлерден тартып алып жатыр. Министрлік ештеңе істей алмаймыз дейді. Біздің әкім сондай күшті!", - деп шағымданған Мамуржон Бердалиев.

Видеода кәсіпкерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап әкеткені бейнеленген.

Алтыарык ауданы басшысының көмекшісі Авазбек Хожиакбаров осы оқиға кезінде Халықты қабылдау ғимараты алдында болғанын айтты.

– Бердалиев төрт-бес жыл бойы бақша өсіру үшін жер беруін сұраған. Үш-төрт мәрте оған жер бөлінген. Бірақ ол жерді пайдаланбай, оны басқа біреулерге сатқан, – дейді аудан басшысының көмекшісі.

Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері Мамуржон Бердалиевке қажетті медициналық көмек көрсеткен.

– Бердалиевті олар үйге жіберді, өйткені оның жарақаты ауыр емес екен, – деді ол.

Өзбекстанда азаматтардың шенеуніктер әрекетіне наразылық ретінде өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеген.

XS
SM
MD
LG