Ссылки доступа

Өзбекстанда биыл 33 мыңнан астам пәтер ипотекаға беріледі


2021 жылы Өзбекстанда 33 114 пәтер ипотекаға беріледі. Соған байланысты президент 11 наурызда ипотекалық несе бөлу жөнінде жарлық қабылдады.

Құжатқа сәйкес, 2021 жылы елде 33 114 пәтер салынады, олардың бәрі ипотекаға беріледі.

Атап айтқанда, ауылдарда 8 336 пәтері бар көп қабатты ғимараттар бой көтереді.

Жеке тұлғаларға баспана үшін несие беру тәртібі республиканың барлық аймақтарында енгізілген. Бұған дейін мұндай тәртіп Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында болған. Қарақалпақстан мен әрбір облыста несиеге 500 үй салынады. Республикада барлығы 6 500 үй бой көтереді.

XS
SM
MD
LG