Ссылки доступа

Түркіменабад: прокуратура тексеруінен соң аурухананың бас дәрігері өз-өзіне қол жұмсауға талпынған


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Түркіменабад қаласында Лебап уәлаяты ауруханасының бас дәрігері ауруханаға түсті. Ол өз-өзіне қол жұмсауға талпынған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, бұның алдында прокуратура ауруханада тексеру жүргізіп, бірнеше заң бұзушылық анықтаған, бас дәрігер күдікке іліккен.

10 наурызға қараған түні дәрігер Э.М. өз үйінің жертөлесінде жіпке асылғысы келген. Оның Түркіменабад ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызды. Бас дәрігердің жағдайы ауыр екені хабарланған.

Азатлык радиосының Лебап уәлаяты денсаулық сақтау басқармасындағы дереккөзінің айтуынша, прокуратура аурухана жұмысын тексеру кезінде ірі көлемде ақша ұрланғанын анықтаған.

Еске салайық, Түркіменстанда былтырдан бері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда тексеру науқаны жүріп жатыр.​ Тексеру барысында бірнеше мекеменің басшысы ұсталған.

XS
SM
MD
LG