Ссылки доступа

Дереккөз: Тәжікстанда аудандық милиция басшысы контрабанда жасады деген айыппен ұсталды


Здание МВД Таджикистана
Здание МВД Таджикистана

Тәжікстанда Хатлон облысының Жайхун ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталды, деп хабарлады Озоди радиосының дереккөзі.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі дереккөз мәліметін растамады, бірақ жоққа да шығармады.

Озоди радиосы дереккөздерінің хабарлауынша, Неъматулло Солехзоданы ұстау туралы бұйрық Тәжікстан бас прокуратурасынан түскен. "Ішкі істер бөлімінің басшысы Ауғанстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне Тәжікстан арқылы 90 кг алтын мен 15 млн доллар заңсыз өткізу қылмысына қатысты іс аясында ұсталды", деп хабарлады дереккөз.

Солехзоданың ауған алтынын заңсыз өткізуге қатысты ұсталғаны туралы ресми мәлімет тарамады. Айта кетерлік жайт, тәжік-ауған шекарасындағы "Төменгі Пяндж" шекара бекеті Жайхун ауданында орналасқан.

XS
SM
MD
LG