Ссылки доступа

Мирзияев: Ташкент пен Бішкек шекараны делимитациялау мәселесін үш айда шешеді


Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекараны делимитациялау мәселесін үш айда шешуді көздеп отыр.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиев 11 наурызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесуден соң өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.

"Адамдар күтіп отырған кейбір мәселелерді ешқандай бюрократиясыз жақында шешеміз. Азаматтарға жағдай жасау үшін барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз", - деді Мирзияев.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстан мен Өзбекстанның 1378 шақырым ортақ шекарасының 1170 шақырымының, яғни 85 пайызының мәртебесі 2017 жылға дейін, тағы 10 пайызы одан кейінгі жылдары анықталған. Алайда оларды үкіметтер мен парламенттер мақұлдауы тиіс.

Қырғызстан аумағында Өзбекстанның төрт эксклавы бар: Сох, Чонгара-Калча, Шохимардон, Тоштепа, ал Өзбекстан аумағында Қырғызстанның Барак эсклавы орналасқан.

XS
SM
MD
LG