Форумда өзбек-қырғыз бірлескен кәсіпорындары екі есе көбейгені айтылды. Сауда айналымы бес есеге ұлғайған.
Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы, тыңайтқыш өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру, мақта-мата, жұлдызқұрт өсіру, туризм және лигистика салаларында әріптестік орнатқан.
Бизнес-форумға қатысушылар тікелей инвестиция тартуға жасалған жағдай туралы мәлімет алды.
Форум Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Ташкентке мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылды.