Ссылки доступа

Тәжікстан бензин тапшылығын Қазақстанның экспортты азайтқанымен байланыстырады (видео)


Тәжікстанның монополияға қарсы қызметінің төрағасы Раджабали Махсиддинзода соңғы үш айда бірінші рет бензин, газ, дизель отыны бағасы күрт өсті деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан жанар-жағар май экспортын қысқартқанына байланысты баға өсіп отыр.

1 қаңтарда бір литр дизель отынының бағасы алты сомони болса, үш айдан кейін 23 процентке қымбаттаған. Сұйытылған газ бағасы 13 процентке өскен.

Қазақстандық БАҚ-тың жазуынша, Атырауда сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыт жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтаған. Тәжікстан сұйытылған газдың 90 процентін Қазақстаннан импорттайды.

Ресми статистика бойынша, Тәжікстанда жанар-жағармайдың 90 процент сұранысын Қазақстан өтейді. Жанар май құю станциясының қожайындары бензинді Ресейден әкелуге тура келеді деп отыр. Бұл жанар май бағасын одан сайын өсіруі мүмкін.

Тәжікстанда мұнайды өндіретін зауыттар жеткіліксіз болғандықтан, мұнай өнімдерін негізінен Қазақстан мен Ресейден импорттайды.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылы 234 мың тонна бензин мен 298 мың тонна дизель отынын импорттаған.

Тәжікстанның энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл Ресей кеден салығынсыз 830 мың жанар май жіберуі тиіс екен.

В Таджикистане рост цен на бензин и его нехватка
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00

XS
SM
MD
LG